Атырау, 23 желтоқсан 01:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​“Қазфосфат”-қа тиесілі фабрика ғимаратының шатыры түсіп, жұмысшысы көз жұмды

741 рет қаралды

Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz

13 қыркүйекте сағат 16:20 шамасында Сарысу ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан “Қазфосфат” өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимараты шатырының тақтайшасы құлап кетіп, ғимарат ішінде жұмыс жасап жүрген үш қызметкердің түрлі дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті. 

Салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, еңбек инспекциясымен арнайы тексеру жүргізілуде. 

Қажетті сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалды.

29 қыркүйек 2022, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.