Атырау, 30 сәуір 23:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Бір миллионға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитетін ала алады

741 просмотра

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте зейнетақы аннуитетін кімдер және қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мария Хаджиева Мемлекет басшысы 2022 жылғы 12 шілдеде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғанын еске салды.

- Заңдағы жаңалық ерлі-зайыптылардың, не жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіріп, олардың әрқайсысына жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдерін тағайындауға мүмкіндік беретін бірлескен некелік зейнетақы аннуитетін енгізу болды. Бүгінде бұл опцияны миллионға жуық адам пайдалана алады, - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева

Ол күйеуінің 11 миллион теңгеден астам, ал әйелінің 5 миллион теңгесі бар 55 жастағы ерлі-зайыптыны мысалға келтірді.

- Ай сайынғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын төлейтін зейнетақы аннуитетінің ең төменгі құны күйеуі үшін 7,4 миллион теңге, ал әйелі үшін 9,2 миллион теңге болады. Тиісінше, әйелінің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға жеткіліксіз. Бірақ егер олар зейнетақы жинақтарын біріктіретін болса, онда ерлі-зайыптылардың әрқайсысы кестеге сәйкес өмір бойы төлемдерін ала алады. Бұл азаматтардың жинақтау бастамаларын арттырып, әрбір ерлі-зайыптылар зейнеткерлікке шыққанға дейін қосымша жинақ береді деп сенеміз, - дейді Мария Хаджиева.

29 қыркүйек 2022, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.