Атырау, 25 желтоқсан 03:31
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

10 тәулікке қамалған танымал вайнерлерге қатысты сот қаулысы өзгеріссіз қалды

1 740 рет қаралды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысы бар деп танылған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты он тәулік қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өз күшінде қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бұдан бұрын Алматы қаласының тергеу сотының қаулысымен шығарылған Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты он тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қаралды. Аталмыш соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды», - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің өкілі Абай Жарылқасын.

Сот өкілі қамауға алу мерзімі өткеннен кейін тергеу органы бұлтартпау шарасын ұзарту туралы сотқа жүгіне алады деп түсіндірді.

Аталған іске қатысты өзге ақпаратты ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сай тергеу орындарынан білуге болады.

Айта кетсек, сот актісіне қатысты күдіктілердің өкілдері апелляциялық шағым түсірген болатын.

26 сәуір 2022, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.