Атырау, 24 сәуір 19:33
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

2 258 просмотра

Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Өз араларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, Павлодар облысының полиция департаменті басшысының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстадық. Біріккен жедел тергеу тобы құрылып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада. 

8 сәуір 2022, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.