Атырау, 25 қараша 12:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Идея болса, қолдайды

2 411 просмотра

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Даму» қорының өңірлік филиалы және «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының Атырау филиалы арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Мақсаты – жастар арасындағы бизнесті дамыту.

Атап айтсақ, жас бизнесмендерге ақпараттық-кеңестік қолдаулар көрсетіледі, сондай-ақ «құр» идеядан бизнес-жоспар жасауға және жеке өз ісіңді ашуғадейінгі барлық жолды жүріп өтуге болатын жастар бизнес-инкубаторын жасау жоспарлануда.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Мейірім ҚАЛАУИ былай деп түсіндірді:

- «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша ауылдағы ауылдық бизнеске жеңілдіктері бар шағын несиелер қарастырылған. Өткен жылы осы бағыт бойынша несиені 289 кәсіпкер алған, солардың тек 15-і ғана 30-дан төмен жастағылар. Жас адамдардың белсенді болғанын қалап едік, өйткені олар бүгінгі күні шынайы қолдауға қол жеткізе алады ғой.

Айта кетсек, меморандумға қол қойылған бойда залда отырған қыз бен жігіт өз идеяларымен бөлісті. Жігітіміз су эмульсиялық бояулар өндірісінің цехын, ал бикешіміз түрлі эксклюзивті ерекше бұйымдар дайындап сатуға, шеберлердің шеберлік дәріс сабақтарын өткізуіне мүмкіндік беретін «Hand Maid» орталығын ашқысы келеді екен.

«Даму» қорының өкілдері оларға өз идеяларын құжат түрінде ресімдеуді сұрады. Ешқандай уәде берілген жоқ, десе де, бұл жобалар қаржылық қолдауға ие болып қалулары мүмкін.

Тамара СУХОМЛИНОВА

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.