Атырау, 24 сәуір 16:25
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары туралы Жарлыққа қол қойды

1 301 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшылары туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық орталық атқарушы органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімге қатысты болады, - деп хабарлайды Ақорда.

Жарлыққа сәйкес орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары бір жыл ішінде халықпен тұрақты кездесулер өткізуі, ал кейін кездесулердің нәтижелері туралы БАҚ арқылы есеп беруі тиіс.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарлық мәтінін мына жерден оқуға болады.

8 сәуір 2022, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.