Атырау, 23 желтоқсан 16:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жапонияда 140 жылдан бері тіркелмеген күшті жер сілкінісі болды

12 065 просмотра

Жапонияда күшті – Рихтер шкаласы бойынша 8,9 балдық 9 қуатты жер сілкінісі болды. АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің деректері бойынша, алғашқысының магнитудасы, ең күшті жер сілкінісі  8,8-ді құрады, қалған екеуі -  6,4. Бұдан кейін тағы 2 жер сілкінісі болды. Төртіншісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 6,8, ал бесіншісі 7,1 балды құрады. Жақында Хонсю Аралында тағы 4 қуатты жер сiлкiнісі болды, деп жазады РБК.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Токиода ғимараттар шайқалған. Ірі магистральдер мен бірқатар ғимараттар қирағаны туралы хабарлануда. NHK телеарнасының соңғы деректері бойынша, 10 метр биіктікке көтерілген цунами Хонсю аралына дейін жеткен, алты метрлік цунами Хоккайдо аралына соққы берген. Жапония билігі теледидар мен радио арқылы азаматтарды жағаға жақындамауға шақырып жатыр.

Жапониядағы қуатты жер асты дүмпуінің салдарынан өткізгіш сымдар үзіліп, электрэнергия жеткізу тоқтап қалды. Токиода 4 млн тұрғын үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар, Жапония астанасына жақын қонған мұнай өңдеу зауытында ірі өрт шықты.

bnews.kz

14 наурыз 2011, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.