Атырау, 25 желтоқсан 05:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Дархан Ділманов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

1 590 рет қаралды

Дархан Ділманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды",- делінген Жарлықта.

Бұл қызметке Дархан Ділманов 2015 жылы тағайындалған болатын.

2014 жылы қарашада ҰҚК Шекара қызметінің басшысы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған. Бұған дейін Дархан Ділманов шекара қызметінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық, кадрлармен жұмыс бас басқармасы бастығының орынбасары болған. 

5 сәуір 2022, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.