Атырау, 4 қараша 10:25
 дождьВ Атырау +4.5
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі 747 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

1 392 рет қаралды

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Гүлмира Сатыбалды – Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Сотқа дейінгі тергеу "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жүргізіліп жатыр, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Іс 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша басталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

30 наурыз 2022, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.