Атырау, 7 қазан 09:28
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қант экспортына тыйым салынуы мүмкін

1 198 просмотра

Үкімет елімізде аспандап кеткен қант бағасын ұстап тұру үшін оны экспорттауға тыйым салуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін қазақстандықтар 45 мың тонна қант тұтынады. Сол себепті министрлік еліміздегі қант қорын толтыру жолдарын қарастырып жатыр.

Әрбір қант зауытына логистикаға байланысты жекелеген өңірлерді бекіту ұсынылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ӘКК-нің тұрақтандыру қорларына белгіленген бағамен қанттың қажетті көлемін кепілді сатып алу үшін зауыттармен форвардтық келісімшарттарды бекіту мәселесі қарастырылып жатыр, - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Қазіргі министрлік 126 мың тонна қант пен құрақ қант шикізатын бажсыз әкелуге квота берді. Министрлік квотаны әлі де беріп жатыр. Осылайша қант бағасын түсірмекші.

Қант экспортына тыйым салуды енгізуге бастама жасалды. Қантты зауыттардан халыққа тікелей сату мүмкіндігіде қарастырылып жатыр, - деді министр.

28 наурыз 2022, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.