Атырау, 2 мамыр 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

2 454 рет қаралды

Бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасының халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" 2022 жылғы 14 наурыздағы №12 қаулысының күші жойылғаны айтылды. Жаңа қаулыға сәйкес, нысандарда маска тағу режимі ұсыныс ретінде қалғаны белгілі болды.

"Маска тағу міндетті саналатын медициналық ұйымдарды (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) қоспағанда, үй-жайларда міндетті түрде маска тағу режимі алып тасталды. Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда масканы пайдалану ұсыныс ретінде қалдырылды. Нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша ерекше талаптар алып тасталды", - делінген хабарламада.

25 наурыз 2022, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.