Атырау, 7 қазан 09:27
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Рамазан айы биыл 2 сәуірде басталады – мүфтият

1 531 просмотра

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлады мүфтияттың ресми сайты.

Наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан мен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Ал бас мүфти осы айда қайырымдылық іс-шараларын, мейлінше, көбірек атқаруға үндеді.

"Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталады. Мұсылман үмбеті үшін Рамазан – ерекше ай. Мейірім мен кешірімге, сауапқа толы айды әдеттегідей өз деңгейінде өткізуді Алла нәсіп етсін! Осы айда қайырымдылық іс-шараларды көбірек атқаруға шақырамын", - деді Тағанұлы.

Осылайша, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

25 наурыз 2022, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.