Атырау, 7 қазан 09:29
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Каспий құбыры консорциумынан басқа бағыттармен толық көлемде мұнай жөнелту қиын"

1 683 просмотра

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында Каспий құбыр консорциумына балама бағыттар бар екенін айтты. 

"Былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 53-54 млн тонна мұнай жөнелтілген. Мұншама көлемді қайта бағыттау өте қиын, бірақ бізде балама нұсқалар бар. Айтпақшы, барлық көлемді қайта бағыттауға болмайды. Оны толығымен қайта бөлу үшін уақыт қажет", - деп атап өтті министр. 

Оның айтуына қарағанда, ішінара Ақтау портынан Самара арқылы өтетін мұнай құбыры бар және шағын көлемді жөнелтуге болатын Қытай бағыты бар.  

"Басқа да көлемді бағыттарды қарастыруға болады, дегенмен олар шынымен де біраз уақыт алады", - деді министр.

24 наурыз 2022, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.