Атырау, 7 қазан 09:27
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел болып шықты

1 633 просмотра

Қазақстан ең бақытты елдер рейтингісінде бес сатыға көтеріліп, 40-орыннан көрінді. Ал ТМД-да бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан World Happiness Report сайтына сілтеме жасап.

Бұл рейтинг 2019-2021 жылдары жүргізілген сауалнама негізінде жасалды. Оған әлем бойынша 9 миллионнан астам адам қатысқан.

Осы жолы да ең бақыты елдер тізімін Финляндия бастап тұр. Үздік ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия енді.

АҚШ 16-орыннан көрінсе, Қытай 72-ші болып тұр. Ұлыбритания – 17, Біріккен Араб Әмірліктері – 24, ал Сауд Арабиясы 25 орынға ие болды.

Қазақстан бір жылдың ішінде бес сатыға көтеріліп, 40-орынға шықты. Осылайша ТМД аумағында ең бақытты ел болып танылды. Былтыр Қазақстаннан озып кеткен Өзбекстан осы жолы 53-орынға тұрақтады. Молдова – 62, Қырғызстан – 64, Беларусь – 65, Ресей – 80, Армения – 82, Тәжікстан – 83, ал Әзербайжан 92-ші орынға жайғасты. Ауғанстан тізімнің ең соңында тұр.

24 наурыз 2022, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.