Атырау, 7 қазан 11:22
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Гүлмира Сатыбалды ұсталды - Антикор

2 630 просмотра

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны хабарланды. Сонымен қатар, FlyJet.kz әуекомпаниясы Қайрат Сатыбалдыұлына ұшақ берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, Антикор басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелекомдағы" ақша жымқыру туралы істің мән-жайын мәлімдеді. Кейінірек Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

18 наурыз 2022, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.