Атырау, 29 маусым 16:28
 дождьВ Атырау +18.9
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Ақберен Елгезек жаңа облысқа әкім болғаны туралы ақпаратқа жауап берді

2 548 рет қаралды

Желіде Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек Абай облысының әкімі болды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Ақберен Елгезектің өзі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Телефоныма тыным болмай кетті. Бәріне жауап беру мүмкін емес. Ағайын, бұл - фейк ақпарат. Баршаңыздың тілектеріңізден айналдым! Біз - жазушы адамбыз. Саясатпен саясаткерлер айналыссын. Біздің мұрат - мәңгілік құндылықтар руханиятқа, әдебиетке қолдан келгенше қалтқысыз қызмет ету", - деп жазды Ақберен Елгезек Facebook-парақшасында.

17 наурыз 2022, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.