Атырау, 6 маусым 02:49
 дождьВ Атырау +21.2
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Тоқаев 16 наурызда халыққа жолдау жасайды

1 584 рет қаралды

16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасайды, - деп хабарлайды "БОРТ N1" Telegram-арнасы. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр.

Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ "БОРТ N1" тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады", - делінген хабарламада.

15 наурыз 2022, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.