Атырау, 25 желтоқсан 08:39
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамалды

1 115 рет қаралды

2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Антикор басшысы Олжас Бектеновтің айтуынша, "Қазақтелекомдағы" ісі бойынша миллиардтаған қаржы жымқырылған. 

15 наурыз 2022, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.