Атырау, 7 қазан 11:32
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Премьер-министр майнерлерге қатысты тапсырма берді

1 657 просмотра

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы туындауына жол бермеуді және заңсыз майнерлерге қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.

"Заңсыз майнерлерді мәжбүрлі түрде электр қуатынан ажырату керек", - деді премьер-министр Су кеңесінің бірінші отырысында.

Үкіметте өткен Су кеңесінің отырысында Қырғызстанмен арадағы электр энергиясымен тауар айырбасы және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстан мен қырғыз тараптары электр энергиясының тауар айырбасы және сумен жабдықтау бойынша өзара тиімді талаптар негізінде келісімшарт жасады.

"Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселесі басымдыққа ие. Халықтың әлеуметтік тыныштығы мен аман-саулығы үкіметтің негізгі міндеті болып табылады. Бұл мәселе ерекше бақылауда тұр", - деді Смайылов.

11 наурыз 2022, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.