Атырау, 16 қаңтар 01:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Мемлекеттік Дума Медведевтің шетелде есеп-шот ашуына тыйым салды

2 300 рет қаралды

РФ Мемлекеттік Думасы үкімет басшысы мен оның кабинет мүшелерінің шетелде есеп-шот ашуына тыйым салатын заңды бірінші оқылымда қабылдады. Сәйкес өзгертулер «РФ үкіметі туралы» федералдық конституциялық заңының 11-бабына енгізіледі, деп хабарлайды РБК

Заң РФ үкіметінің төрағасы, оның орынбасарлары, федералдық министрлер, олардың жұбайлары мен кәмелет жасына толмаған балаларының РФ аумағынан тыс жердегі банктерде есеп-шот ашуға, қаражат сақтауға, шет мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздарына иелік етуге құқығы жоқ екенін қарастырады.

Осы тыйымның сақталуына бақылау РФ президентінің жарлығымен қарастырылған тәртіпте жүзеге асады. 

Дереккөз: bnews.kz

25 ақпан 2013, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.