Украинадағы соғыс үшінші аптаға ұласты. Бұл туралы ақпарат Азаттық радиосынан алынды.
Украинадағы соғыстың үшінші аптасында Air Astana Ресейге ұшуын тоқтатты.
Түркияда Ресей мен Украина сыртқы істер министрлері кездесті, бірақ атысты тоқтату туралы келісімге келе алмады.
10 наурызға қараған түні Ресей авиациясы Сумы және Ахтырка маңын бомбалады. Мариупольде бірнеше күн бойы су мен жарық жоқ. Қала құрсауға түскен. Әуе шабуылы кезінде балалар ауруханасы қираған.
АҚШ өкілдер палатасы Украинаға көмек ретінде 13,6 миллиард доллар қаржы бөлуді мақұлдады.
Ресейдегі жұмысын не шектеген, не мүлдем тоқтатқан шетел компанияларының қатары көбейді. Қытайлық Xiaomi, Oppo және Huawei компаниялары Ресейге жіберетін смартфондарының ауқымын екі есе азайтты, Google мобильді қосымшалар дүкенінің Ресейдегі қызметін шектеді. Бойкотқа Mars, Walt Disney, Burger King, Eni және Carlsberg компаниялары да қосылды.
Ал Ресей үкіметі ел нарығынан кеткен компаниялардың мүлкін бұғаттауды ойластырып отыр. Олигарх Владимир Потанин мұндай қадамға бармауға шақырды.
01:37
БҰҰ Украинадағы соғыстың салдарынан 549 бейбіт тұрғындар қаза болып, 957 тұрғын зардап шеккен.
Бұған дейін Мариуполь қаласы мэрінің орынбасары қаладан "1207 адамның мәйітін жинағанын" айтқан еді.
00:06
Украинадағы соғыс. 10 наурызда не болды?
- Мариуполь қаласындағы аурухана мен перзентхана шабуылдан бір бала мен ересек адам қаза болғаны хабарланды. 17 адам жараланған.
- Антальяда Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесті. Кулеба "атысты тоқтату бойынша келісімге келе алмадық" деді.
- Ұлыбритания ресейлік олигарх Роман Абрамовичке де санкция салды. Ол - лондондық "Челси" футбол командасының иесі.
- Украинада соғыс басталғалы кемі 71 бала қаза болған. Бұл туралы Украинаның адам құқығы жөніндегі уәкілі Людмила Денисова айтты.
- Мариуполь мэрінің орынбасары Сергей Орлов ВВС сайтына қаладан "1207 адамның мәйітін жиналғанын" айтты.
- Харьков әкімдігінің хабарлауынша, қазірге дейін 400 көпқабатты үй мен мемлекеттік ғимараттар; 27 мектеп, ауруханаға, перзентхана, балабақша қирады.
- Әлем бойынша ақша аударатын Western Union Ресей мен Беларусьте жұмысын тоқтатты.
- Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов Ресейге салынған санкция Қазақстанның мұнайына әскер етпейді деді.
- Украина президенті Владимир Зеленский "біз ешқашан берілмейміз, құл болмаймыз" деп мәлімдеді.
- Ағылшын тілін білу деңгейін тексеретін IELTS және TOEFL Ресейде емтихан өткізуді тоқтатты.
- Соғыс басталғалы Украинадан 2,5 млн адам кетті деп хабарлады БҰҰ.
22:5410.3.2022
Байқоңырда полиция соғысқа қарсы шыққан құқық қорғаушыны ұстап, "алкоголь ішкен-ішпегенін" тексерген
Ресей Қазақстаннан жалға алған Байқоңыр қаласында 4 наурызда құқық қорғаушы Марат Дәулетбаев Ресейдің Украинаға басқыншылығына қарсы бір адамдық пикетке шыққан. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюросы хабарлады.
Дәулетбаев қаладағы Ленин ескерткіші маңында бес минуттай ғана тұрған, кейін оны ресейлік полицейлер бөлімшеге апарған. Полиция құқық қорғаушыны екі жарым сағаттай ұстап, арақ ішкен-ішпегенін тексерген.
"Ресейлік полицейлердің логикасына салсақ, адам арақ ішкен я есірткі шеккен адам ғана соғысқа қарсы шығады екен" деді ол.
24 ақпаннан бері әлемнің түпкір-түпкірінде Ресейдің Украинаға басқыншылығына қарсы наразылықтар өтіп жатыр. Мұндай қарсылық Ресейдің ішінде де болды. "ОВД-Инфо" құқық қорғау ұйымының есебінше, Ресейде соғысқа қарсы шыққан 14 мың адам ұсталған.
Ресей Байқоңыр қаласы мен космодромды 2050 жылға дейін Қазақстаннан жалға алған. 10 наурызда интернетте Байқоңырды Қазақстанға қайтаруды талап еткен петиция жарияланған. Петицияны Әлия Маратқызы Байқоңырда оқушылардың қатысымен өткен Ресей әскерилерін қолдаған акциядан соң ашқан.
Бірнеше күн бұрын "Роскосмостың" директоры Дмитрий Рогозин твиттерде "Байқоңырда Ресей президенті ВладимирПутин мен Ресей қарулы күштерін қолдау акциясы өтті" деп жазған.
Рогозиннің сөзінше, шараны Байқоңыр қаласы әкімшілігі, "Роскосмос" қызметкерлері және "Байқоңыр болашағы" жастар қозғалысы ұйымдастырған.
21:3310.3.2022
Мариуполь мэрінің орынбасары Сергей Орлов ВВС сайтына қаладан "1207 адамның мәйітін жиналғанын" айтты.
"Қанша адам қаза тапқанын білмейміз, бірақ көшеден 1207 адамның сүйегін жинадық" деді ол.
Орлов "47 адамның сүйегі бір жерге жерленгенін, олардың кім екені анықтамағандарын" мәлімдеді.
Мэр орынбасары "қаладан адамдарды эвакуациялау я қалаға көмек әкелу мүмкін болмай тұрғанын" айтып, "100 адам жеке көліктерімен қаладан шығуға тырысқанымен, Ресей әскерилерінің атқылауынан соң кері қайтуға мәжбүр болды" деді.