Атырау, 24 қараша 21:54
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Ресей мен Украина сыртқы істер министрлерінің келіссөздері аяқталды

1 694 просмотра

Түркияда Ресей мен Украина сыртқы істер министрлерінің келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

Осыдан кейін Сергей Лавров пен Дмитрий Кулеба кездесу қорытындысы бойынша баспасөз жиынын өткізді. Украина сыртқы істер министрі бітімге келу бойынша ешқандай ілгерілеу жоқ, деп мәлімдеді. 

Айтуынша, жиын кезінде ол ресейлік әріптесімен 24 сағатқа оқ атуды тоқтату жағын талқылаған бірақ бұл мәселеде ешқандай ілгерілеу болмапты. Бұдан бөлек, тараптар гуманитарлық мәселелерге де тоқталған. Өз кезегінде Сергей Лавров күн сайын гуманитарлық дәліз ашу туралы бастама күшінде қалатынын жеткізді. 

«Ресей Украинаға шабуыл жасаған жоқ және өзге елдерге де шабуыл жасау жоспары жоқ. Керісінше, Киев Донецк пен Луганск халық республикаларына шабуыл жасамақ болды»,– деді Ресейдің сыртқы істер ведомствосының басшысы. Бұдан бөлек, НАТО-ның ұлғаюына да тоқталған Лавров бұл мәселеде альянс Ресейдің мүддесін ескеруден мүлдем бас тартып отырғанын атап өтті.

10 наурыз 2022, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.