ЕО-ның үшінші санкция пакетінде Ресейдің теңіз өндіріс саласы да қамтылды, деп хабарлайды The Qazaq Times.
Еуропа Одағы Ресейге қарсы жаңа санкцияны бекітті. Бұл санкция Ресейдің бірқатар теңіз өнеркәсібіне және кейбір лауазымды тұлғалары мен олигархтарына бағытталған.
ЕО қабылдаған жаңа санкцияда Беларусь те қамтылған, айталық, үш бірдей ірі банкы SWIFT жүйесінен шығарылғаны мәлім болды. ЕО тарабынан жаңа санкцияның қабылданғаны туралы ең алғашқы мәлімет Франция үкіметінің ресми парақшаларында жарияланды.
Санкция Еуропа Одағының ресми басылымдарына жарияланғаннан кейін толықатай күшіне енетін болады. Санкцияда Украинаға шабуылға қатысты ресми тұлғалар, олардың отбасы мүшелерінің, бірқатар олигархтардың есепшоттары бұғатталған, сондай-ақ, ЕО елдеріне кіруге шектеу қойылады.
Дегенмен, Еуропа Одағы бұл реткі шешімінде криптовалютаны Ресейге қарсы санкцияларға қолдануға шектеу қойды. Бұл Ресейдің Украинаға шабуылына жауап ретінде Еуропа Одағы шығарған үшінші санкция пакеті. Санкциялар Ресейдің қаржы, энергетика, технология және импорт-экспорт салаларын, жеке тұлғаларын да қамтиды.