Атырау, 10 маусым 15:56
 дождьВ Атырау +31.4
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Атырау облысында бір тәулікте 3 адам COVID-19 жұқтырған

1 587 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 3 науқас анықталды. Барлық 3 жағдай Атырау қаласында расталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 1 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 2 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 3 адам емделді.

Қазір 166 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 16 науқас ем алып жатыр. 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

10 наурыз 2022, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.