Атырау, 7 қазан 13:18
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қаңтар оқиғасы бойынша қамауға алынғандар тергеу изоляторында наразылық акциясын ұйымдастырды

Сурет Бейнежазба
2 424 просмотра

9 қаңтарда Атыраудағы тергеу изоляторында қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты деп, үстерінен қылмыстық іс қозғалып, тергеуге алынғандар наразылық акциясын өткізді. Оқиға орнына жеткен «АЖ» тілшісі темір торлы терезелерден ер адамдардың айғайлаған дауысын естіп, қамауға алынғандардың қара және қызыл шүберекті бұлғап жатқанын көрді.

Тергеу изоляторының алдына жиналған кейбір тұтқындардың ата-аналарының айтуынша, наразылық 6 наурызда басталған. Тұтқындар бұлтартпау шарасына, ұстау жағдайына, сондай-ақ азаптауға қарсы наразылық білдіріп, сол күннен бастап аштық жариялаған.

Әліби МҰСТАФИН

Ата-аналардың айтуынша, олар бұл туралы кеше ұлдарымен кездесуге келгенде ғана білген.

Иманғали ШАМҰРАТОВТЫҢ анасы - қала тұрғыны Әлия МАХАМБЕТОВАНЫҢ ұлының да 6 наурыздан бері тамақтың нашарлығына және камералардағы антисанитарлық жағдайға наразылық ретінде аштық жариялап жатқанын айтты. Басқа аналар да солай дейді.

– Балам суға піскен перловка ғана беретінін айтты. Әке-шешем уайымдамасын деген болар, азаптап жатқанын айтпады. Бірақ бүгін мен оны 13 қаңтарда түрмеге апарған соң екі бұтының арасына дубинкамен ұрғанын білдім. Оны да жаны қысылған соң енді айтып отыр. СИЗО қызметкерлерінің қысымына қарсылық ретінде өз тамырын кесіп жатыр. Ауыздарын тігіп тастағандар бар – әлеуметтік желіде бұл туралы видео бар, – дейді А.Махамбетова. Оның ұлына, сондай-ақ тергеудегі тағы 24 адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі («Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу») және 380-бабы («Билік өкіліне күш қолдану») бойынша айып тағылған.

Жиналған ата-аналар ұлдары тамырын кесіп жатыр деп сендіреді. Айтуларынша, біз келгенше оны көрген екі әйел естерінен танып қалып, үйлеріне жеткізілген.

Азамат ИБРАИМОВТЫҢ анасы, Индер ауданының тұрғыны Ағира КӘПЕНОВА ұлының уақытша тергеу изоляторында қамауда отырғанына үш ай болып жатқанын, қамауға алу санкциясы ұзартылғанын айтады.

Асылбек МҰҚАНОВ

Ата-аналармен кездесуге облыстық прокуратураға қарасты арнайы прокуратура басқармасының  прокуроры Әліби МҰСТАФИН мен арнайы прокуратура басқармасының бастығы Асылбек МҰҚАНОВ келді. Аналарды тыңдап болған соң олар азаптау фактілерін тексеріп, тергелушілерден тағы да жауап алуға уәде берді:

- Антисанитариялық жағдайға, нашар тамаққа қатысты басқа әріптестеріміз тексереді, ал тергеу изоляторындағы азаптаулар бойынша осы уақытқа дейін шағым болған жоқ, енді тексеретін боламыз.

«Тергелушілерді сотқа дейін үйқамақта емес, тергеу изоляторында ұстауға не себеп болды?» деген сұраққа арнайы прокурорлар «осыған байланысты тергеу сотына жүгіну керек» деп жауап берді.

Кейін тергеу изоляторына Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның жергілікті филиалының басшысы Дарья ОЛЖАҒАЛИЕВА көлікпен келді. Оның айтуынша, ол азаптау туралы ақпаратты әлеуметтік желі арқылы біліп, тергеу изоляторының бастығына телефон соққан, бірақ ол жердегілер мұндай фактілерді жоққа шығарыпты:

- Қазір бәрін өз көзіммен көру үшін әдейі келдім, - деді ол.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді және бейнежазаны түсірген автор және Еламан НУХИН

10 наурыз 2022, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.