Атырау, 21 желтоқсан 19:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Украинадан қазақстандықтардың төртінші легі оралды

1 373 рет қаралды

Украинада болған қазақстандықтардың төртінші легі елге жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары бар төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де елордаға қонды. Бортта 155 жолаушы болған.

Айта кетері, 9 наурызда төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Польшаның Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты.

Бұған дейін 28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді. Алғашқы рейспен 169 ересек, 6 бала елге оралды.

1 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті. Ол рейспен 120 ересек және 4 бала елге оралды. Үшінші рейс 4 наурызда орындалды. Бортта 131 адам болды, оның 20-сы бала.

10 наурыз 2022, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.