Атырау, 24 қараша 21:40
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропада коронавирустың «дельтакрон» деп аталатын жаңа түрі анықталды

1 251 просмотра

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше аурулар бөлімшесінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ДДСҰ жетекші эпидемиологы «дельтакрон» штамы Францияда, Нидерландыда, Данияда анықталғанын, бірақ жұғу деңгейі «өте төмен» екенін растады.

«Дельтакрон» возник при объединении подвидов штамма «Дельта» AY.4 и «Омикрон» BA.1/BA.2.

«Дельтакрон» «дельта» AY.4 және «омикрон» BA.1/BA.2 штамы түрлерінің бірігуінен пайда болды.Мария ван Керкхове

Ол ДДСҰ сарапшылары бұл нұсқаны 7 наурызда өткен кездесуде талқылағанын айтты.

Қаңтар айының басында Кипр университетінің биологиялық ғылымдар факультетінің ғалымдар тобы COVID-19 жаңа штамы – «дельта» және «омикрон» гибридінің табылғаны туралы хабарлады. Ол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секвенирлеу кезінде үлгінің ластануы мүмкін екенін айтып, «дельткрон» атауын пайдаланбауды ұсынған-ды.

10 наурыз 2022, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.