Атырау, 7 қазан 13:26
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атыраудағы топан су

Сурет
1 303 просмотра

Жаңбыр салдарынан Атыраудың кәріз жүйесі жоқ көп ауданы су астында қалды. Суды «Атырау облысы су арнасы» мен «Арнайы автобазаның» арнайы көліктері сорды.

Үлкен көлшіктер қаланың барлық ауданында дерлік байқалды: қала іргесіндегі Томарлы, Геолог ауылдарында, Сарықамыс, Өркен, Береке ықшамаудандарында, Авангард, Привокзальный тұрғын үй массивтерінде, Сәтпаев даңғылы, Владимирский, Баймұханов көшелерінде. С.Датов көшесінде, «ҚМГ» жанар-жағармай құю стансасы маңында, Томарлы ауылында, Сәтпаев даңғылында, облыстық сот маңында, Авангардтағы «Сулпак» дүкенінің жанында, Қоскелдиева көшесі, 18, Құлманов, Баймұханов – Берғалиев көшелерінде және т.б вакуумдар жұмыс істеді.

- 4 наурыз күні сағат 12-ден түн ортасына дейін сол жағалаудағы жаңбыр суын (С.Датов, Берғалиев, Баймұханов, Темірханов, Әбдірахманов, Чайковский, Канцев, Майлин көшелері, Азаттық және Әуезов даңғылдары) «Атырау облысы су арнасының» 7-10 вакуумы сорды. Жұмыс барысында 470 текше метр жаңбыр суы сорылды. Түнгі ауысымда сағат 24.00-ден 07.00-ге дейін Майлин, Махамбет, Канцев, Чайковский көшелерінде 3 вакуум жұмыс істеп, 78 текше метр су сорылды, – дейді әкім аппараты жанындағы ахуал орталығының «109» қызметінің баспасөз хатшысы Гүлдәурен ТІЛЕГЕНОВА. «Арнаулы автобаза» күндіз 9 машина бөліп, 960 текше метр, түнде 3 машинамен 386 текше метр су сорды. 

5 наурызда «Арнаулы автобазаның» 9 арнайы техникасы, сондай-ақ «Атырау облысы су арнасының» көліктері жұмылдырылды. 

Айта кетейік, дренаждың жоқтығы кез келген жаңбырды атыраулықтар үшін сынаққа айналады. Ал 2016 жылдың көктемінде ең қиын кез болған еді. 1-16 мамыр аралығында түскен жауын-шашын мөлшері айлық нормадан 3 еседен асты. Сол кезде Атырауда бұл апаттан зардап шекпеген аудан қалмады. Әсіресе, Сарықамыстың, Куйбышев, Гагарин көшелерінің тұрғындары қатты қиналды. Қала әкімдігіне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардан 163 өтініш, сондай-ақ эвакуациялау туралы 9 өтініш түскен. Көптеген қала тұрғынын Абай атындағы, №2, 30, 27, 21, 7, 12 мектеп ғимараттарына уақытша көшіруге тура келді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 наурыз 2022, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.