Атырау, 7 қазан 13:18
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Көп балалы болуды қалағанмын»

Сурет Бейнежазба
2 209 просмотра

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 10 баланың анасы, 44 жастағы Марта ҚАНАТОВАНЫ әңгімеге тартқан едік. Оның сегіз қызы, екі ұлы бар. Үшеуі есейген, қалғандары әлі кәмелеттік жасқа толмаған.

Ал ретімен айтсақ, Сабина 25 жаста, Малика 23-те, Мөлдір 21-де, Қалима 17-де, Ағила 15-те, Ағиса 12 жаста, Азия 10-да, Нико 8-де, Мариям 7-де, Тариэль 4 жаста. Олармен бірге тұратын 8 жастағы немерелес жиені Дария да бар.

Мартаның өзі 2017 жылы күйеуімен ажырасып, содан бері балаларын жалғыз тәрбиелеп отыр. Тұрақты жұмысы жоқ, бірақ өзі айтқандай, кіріскен жұмысын тындырып жасайды. Оған үлкен қыздары да көмектеседі. Тұңғышы «Атырау-Жарық» АҚ-да жұмыс істейді, екіншісі ерлер шаштаразы, үшіншісі сұлулық салонында әкімші.

- Он баланы жалғыз өсірген қалай?

– Әрине, оңай емес, бірақ шағымданбаймын. Кез келген жұмысты аламын - бір жерге көмектесу болсын немесе бірдеңе істеу болсын. Бұрын ыдыс немесе еден жуатынмын. Содан кейін ПИК-те жұмыс істедім. Өмірімде бәрі болды, тіпті электрмен дәнекерлеуді де үйрендім.

Шынымен дәнекерлеуші болып жұмыс істедіңіз бе?

- Бір реттік тапсырыс бойынша жұмыс істедім. Жалпы, кесімді ақымен жұмыс жасау өміріңді басқаруға, балалармен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Өйткені, оларды мектепке апару, әкелу, тамақ пісіру, үй тапсырмасын орындауға көмектесу керек қой. Сондықтан жұмыс жасай жүріп, балаларыма да көңіл бөлдім. Мүмкін біреулер мұны түсінбес, бірақ көп балалы отбасында солай болады. Сосын балалар менсіз үйде ұзақ отыра алмайды, уайымдайды. Сондықтан жұмыс болса, жүгіріп жасап келемін, жоқ болса, үйде отырамыз. Балаларға көңіл бөлемін.

Мартаға қонаққа келгенімде, пәтерде кіші балалары болды, қалғандары жұмыста, мектепте екен. Қыздардың ең кенжесі Мәриям ас үйде анасына дастархан жаюға көмектесті. Ал Азия анасының әр сөзіне ілесіп отырды. Қыздар бірге ойнайды, бір-бірінен жалықса, осы үйде тұратын мысықпен немесе екі тасбақамен ойнайды екен.

- Мен оларды бір-біріне қамқор болуға, бір-бірін сыйлауға үйретемін. Балаларым ақылды, бәрін дұрыс түсінеді. Оларды тек өзіне ғана емес, басқаларға да қамқорлық жасауды үйретуге тырысамын. Мысалы, қайырымдылық жасаушылар отбасымызға жиі қол ұшын созады, біз де осы көмекті басқалармен бөлісуге, оларға да көмектесуге тырысамыз, – дейді батыр ана.

Оның айтуынша, ол көп балалы болуды қалаған. Арманы - бүкіл отбасымен үлкен үйде тұру. Сондай-ақ, өзіне де уақыт бөлуге тырысады. Құлаққап тағып, музыка тыңдап серуендеуге уақыт табады.

- Көңілімді алаңдатып, осылай демаламын. Жалпы, қыздарым өзіме күтім жасауыма көмектеседі. Көп балалы болғаныма қуанамын. Мақсатым – соларды өсіріп-өндіріп, білім беру. Әрі қарай өз жолын өздері табады. Бірақ менімен ақылдасқысы келсе, әрине, мен бас тартпаймын, – дейді Марта. – Мен өзім көп балалы отбасында өстім, төрт ағайындымыз. Әкем үш жерде жұмыс істеді, анам да еңбек етті. Сондықтан әуел бастан көп баланы жоспарладым. Әр баламен жаңа нәрсе үйренемін. Олар тыңдайтын әндерді тыңдаймын, маған олардың дүниетанымы қызық, олармен көп әңгімелесемін және олардың да ықыласына бөленемін.

– Олардың қазіргі балалар сияқты материалдық қажеттіліктері болатын шығар.

– Иә, бар, бірақ көп емес, балаларым бәрін түсінеді.

– Жеке өміріңіз ше?

- Менің жеке өмірім - балаларым. Мен солармен бақыттымын. «Солай ма, балалар?» - деді Марта қыздарына бұрылып. – «Иә-ә!!» дейді олар дауыстап.

- Бір кездері олардың да болашақ мамандығын таңдайтын уақыты келеді. Олар қазірдің өзінде де сұрайды, мен де сондай болғым келеді дейді. Егер бұл мамандық ұнаса, игере алсаң, онда қорықпай бар деймін, – деп жалғастырды сұхбаттасым. – Мысалы, қыздардың бірі әртіс болғысы келеді, ал Ағила молекулалық асханада аспаз болғысы келеді. Молекулалық асхананы, меніңше, Францияда оқытатын сияқты. Жарайды, керек болса, отбасымызбен оны оқуға жібереміз.

...Мартаны тыңдасаңыз, оларда бәрі ойдағыдай болатынына сенесіз. Мейрамыңызбен!

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

9 наурыз 2022, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.