Атырау, 2 мамыр 14:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

1 362 рет қаралды

Владимир Зеленский 8 наурызда кешкі жолдаған видеоүндеуінде Украинадағы жағдайды реттеу туралы тағы да келіссөздерге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.

"Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру керек, бірақ адал және нақты, халықтың мүддесі үшін", - деді Зеленский.

Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.

Беларуссияда 7 наурызда кешке Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Ол үш сағатқа созылды.

9 наурыз 2022, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.