Атырау, 29 маусым 14:21
 дождьВ Атырау +18
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

​ Ұлттық банк пен KASE теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгертті

1 511 рет қаралды

9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурызда астана уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.

Теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады.

9 наурыз 2022, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.