Атырау, 22 ақпан 11:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​Kinopark пен Kinoplex 1 сәуірден бастап жұмысын тоқтатады

1 395 рет қаралды

Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  "Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартып жатыр. 1 сәуірден бастап бізде көрсететін ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабуға мәжбүр болады. Өкінішті, бірақ расы сол", - деді кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев.

2021 жылдың соңында Kinopark-Kinoplexx біріккен желісі жалпы сыйымдылығы 18 684 орындық 25 кинотеатрды басқарды. 

8 наурыз 2022, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.