Атырау, 7 қазан 13:21
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тутұғыр маңында саябақ, мектептер, Мәдениет үйлері, стадион, аурухана салу жоспарланып отыр

2 533 просмотра

Атырауда биыл тутұғырдың артқы жағынан жаңа саябақтың құрылысы басталады. Саябақта 7 субұрқақ, балалар ойнауға арналған алаңдар, спорттық жаттығу алаңдары, амфитеатр, т.б қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Құрылыс NCOC компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылады.

Құрылыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында биыл 900 орындық және облыс орталығында 300 орындық екі орта мектептің, Құрманғазы ауданы Дәшін ауылында 300 орындық Мәдениет үйінің және Исатай, Махамбет, Қызылқоға ауданының орталықтарында 60 пәтерлік үш үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы Бірлік және Химпоселок ықшамаудандарында көпфункционалды спорт алаңының құрылысы да басталды.

Жыл аяғына дейін аймақта салынып жатқан 11 әлеуметтік нысан тұрғындар игілігіне беріледі деп жоспарланған: Атырау қаласындағы Көктем және Жұлдыз-3 ы/а-да, әрқайсысы 160 орындық балабақша, Жаңаталап ауылындағы 300 орындық мектеп, Балауса ы/а-да 600 орындық мектеп; Құлсарыдағы 75 орындық аудандық орталық аурухана; орталық стадион; 60 пәтерлік тұрғын үй және №5 мектеп құрылысы; Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосындағы 300 орындық Мәдениет үйі; Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепке 350 орындық жапсаржай; Аққыстау селосында 320 орындық кәсіптік-техникалық лицей.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 наурыз 2022, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.