Атырау, 7 қазан 13:19
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қала маңындағы 79 көшеге асфальт төселеді

1 958 просмотра

Биыл Атырау қаласында 79 көшеге жаңадан асфальт жол төселеді. Атап айтқанда, жаңа жолдар Еркінқала ауылдық округіне қарасты 46 көшеге (Балауса, Ракөш, Еркінқала), және Бірлік-2 және Геологта  23 көшеге салынады. 

Одан бөлек биыл Зарослый елді мекенінде 2,8 шақырымды; Балықшы ықшам ауданынан Зарослый елді мекеніне дейінгі жалпы ұзындығы 5,7 шақырымды құрайтын тас жолында қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады.

- 2022 жылы Атырау қаласы бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде, ауыспалы нысандар бойынша жұмыстарды жалғастыруға 3,6 млрд теңге бөлінді. Мердігер мекемелер «Атырауинжстрой-АИС», «Казахдорстрой», «Атыраукөлік» ЖШС, деді бөлімдегілер.  

- Орталық көпір қайта жаңғыртудан өте ме?

- Қазір жобалау-сметалық құжаттама жасақаталды, мемлекеттік сараптама қорытындысы күтілуде. Оң қорытынды алынғаннан кейін, жергілікті бюджеттен қаражат көзінің бөлінуіне қарай қайта жаңғыртылады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

 

9 наурыз 2022, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.