Атырау, 21 желтоқсан 22:21
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жилгородок көпіріне жаңа асфальт төселеді

2 000 рет қаралды

Атырауда биыл ойық, шұңқыр жолдарды жамауға 324 млн 313 мың теңге жоспарланған. Мердігер мекемені анықтау мақсатында күні бүгінде мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жарияланды.       

Қалалық ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айының ортасында орталық көпірден және қаланың басты көшелерінен басталады.   

Бөлімдегі мамандар жолдардың ойық, шұңқыр болған жерлеріне талдау жасап, арнайы тізім жасақтады. Ағымдық жөндеу жұмыстары кезінде бөлімге және арнайы 109  бірыңғай байланыс орталығына  тұрғындардан түскен арыз-шағымдар ескеріледі. 

Сонымен қатар, «Автокөлік жолдарын қайта жаңғырту» жобасы шеңберінде биыл Жилгородок көпірінің тас жолы толықтай жаңадан төселеді, деп хабарлады бөлімдегілер. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

9 наурыз 2022, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.