Атырау, 7 қазан 13:18
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Украинадағы соғыстың 12-күні

1 669 просмотра

Негізгі деректер

  • Ресей әскері мен техникасын Киев түбіне шоғырландырып жатыр. Украина өкілдері жақын күндері Ресей күштері астанаға басып кіруге талпынуы мүмкін деп хабарлады.
  • 7 наурызда Украина мен Ресей өкілдерінің үшіні келіссөзі өтеді деген жоспар бар. Мұның алдында Беларусьте өткен кездесулер көп нәтиже берген жоқ.
  • Ресей президенті Владимир Путин соғысқа байланысты Батыс енгізген санкцияларды соғыс жариялаумен пара-пар әрекет деп атады және "операция міндетін орындағанша" ұрыс жалғасатынын айтты.
  • Ресейде соғыс туралы "фейк" таратқандарды 15 жылға дейін түрмеге жабуға рұқсат беретін заң күшіне енді.
  • Әлемдік компаниялар мен брендтер Ресейдегі жұмысын тоқтатып жатыр. Соңғы күндері Ресейден кеткенде тізіміне Netflix, TikTok, Hermes, Prada, IBM, Dior, Adobe, OMV қосылды. Visa, Mastercard және American Express те жұмыс істемей қалды.

17:13

Ресей билігі "дос емес елдердің" тізімін жасады:

  • Австралия, Ұлыбритания, Еуропа одағы елдерді, Исландия, Канада, Лихтенштейн, Монако, Жаңа Зеландия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Сан-Марино, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Украина, Черногория, Швейцария, Жапония.

Бұл тізімді жасауды Путин тапсырған еді. Енді Ресей бұл елдерге кредиттерді рубльде төлемек.

16:55

Зеленский Батыс елдерінен Украина аспанын "жабуды" бірнеше рет сұрады. Бұл нені білдіреді?

Украина президенті Владимир Зеленский 7 наурыздағы видеоүндеуінде Батысты Ресейге санкцияны күшейтуге, Украинаның әуесін "жабуға" шақырды.

"Соғысқа қарсы және бейбітшілік үшін жаңа санкциялар салу керек. Ресей экспортына бойкот, соның ішінде Ресейдің мұнайы мен мұнай өнімдерінен бас тарту қажет. Украина аспанын жабу керек я бізге ұшақтар берген жөн. Украина аспанын қорғау үшін қанша адам өлу керек? Харьков пен Николаевтағы бейбіт тұрғындардың Гамбург пен Вена тұрғындарынан қандай айырмашылығы бар? Шешім күтеміз, аспанды "тазарту" керек" деді Украина басшысы.

Зеленский Батыс елдерінен бұған дейін де Украина "аспанын жабуды" сұраған. Бұл – Украина аспанында НАТО күштері әрекет ете бастайды деген сөз. Зеленский Батыс елдерінің әуе ұшақтарына қарсы құрылғылары Ресейдің әуе шабуылдарына тойтарыс берсе деп отыр. Дәл қазір Ресейдің әуе шабуылдары Украинаға көп шығын әкеліп жатыр.

Батыс елдері мен НАТО егер Украина "аспанын жапсақ" үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетеді дейді.

Ресей президенті Путин егер НАТО мен батыс елдері Украина аспанын "жапса" соғысқа араласқанмен тең деп сес көрсеткен.

16:16

7 наурыз. Украинадағы соғыс. Қазірге дейін не болды?

  • Ресейлік әскерилер 7 наурыз таңертең Николаев қаласын атқылай бастаған. Киев те де жарылыс дауыстары естілді. Түнде Харьков пен Одесса облысында атыс болғаны хабарланды. Ресей қорғаныс министрлігі Харьковтағы физика-техникалық институтының реакторын жаруды жоспарлаймыз деді.
  • Бүгін Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің үшінші раунды өтуі тиіс.
  • Украинаның бас штабы Ресей 11 мыңнан аса әскериінен айырылды дейді. Ресей билігі 2 наурызда 498 әскериінен айырылғанынын, 1597 солдаты жараланғанын айтқан. Сол кезде Украина тарабы Ресейдің бес мыңға жуық әскерін өлтірдік деген еді. Мәскеу 2 наурыздан соң әскери шығыны жайлы ешқандай хабар таратпады.
  • Украина президенті Зеленский Ресейді бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыптады. Бұған дейін Ирпень қаласында эвакуация кезінде жас отбасының бірнеше адамы қаза тапқан еді.
  • Украина қорғаныс министрлігі Чугуев қаласын қайтарып алғанын мәлімдеді.
  • Ұлыбритания Украинаға көмек ретінде жүз млн доллар бермек.
  • "ОВД-Инфо" жобасының есебінше, 6 наурызда Ресей қалаларында болған соғысқа қарсы наразылықта бес мыңнан аса адам ұсталды. Соғысқа қарсылық Ресейдің 69 қаласында өткен.
  • БҰҰ халықаралық соты Украинаның Ресейге қарсы түсірген шағымын қарай бастады.

Cоғыс уақытында кейбір ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

14:45

Украина делегациясы: Қырым, "ДХР" мен "ЛХР" мәселесі бойынша Ресеймен келісу мүмкін емес

Украинаның Ресеймен келіссөз делегациясының мүшесі, Жоғарғы Рададағы "Слуга народа" фракциясының басшысы Давид Арахамия Ресейдің "Қырымды Ресей субъектісі" деп тану және "ДХР" мен "ЛХР" тәуелсіздігін мойындау туралы талабы орындалмайтынын мәлімдеді.

Арахамия Украинаның бейтарап әскери статусы жөніндегі Ресейдің тағы бір талабы жөнінде де айтты. Оның сөзінше, НАТО алдағы 5-10 жыл ішінде Украинаны мүшелікке алу жөнінде талқылайын деп отырған жоқ, Украинаның өзі де "НАТО-ға кіруге өтініш беру үшін күреспейді".

Арахамия "Владимир Зеленский бастаған Украина басшылығы Польшаға кетіп қалды" деген қауесетке де түсініктеме берді.

"Бірнеше күн бұрын бұл мәселені талқылап, өлсек Украинада өлеміз деген шешімге тоқтағанбыз. Қасық қаны қалғанша шайқасатын Украина халқы өлсек бізді символға айналдырады" деді ол.

7 наурыз 2022, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.