Атырау, 7 қазан 13:26
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Құрманғазы ауданында қатты желден электр бағаналары құлады

2 342 просмотра

Қолайсыз ауа райы салдарынан 5 наурыздан бастап Құрманғазы ауданының тұрғындары жарық, байланыс және жылусыз қалды.  Қатты жел шатырларды ұшырып, электр желілерін үзіп, бағандарды құлатты. 

Аудан тұрғындары осындай көріністен редакциямызға бірнеше сурет жолдады. 

Облыстық ТЖД мәлімдеуінше, қазіргі таңда 38 333 абонент жарықсыз отыр. 

"5 наурызда сағат 03.10-дан бастап Құрманғазы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел екпіні 22-23 м/с) жартылай Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Ақкөл, Мақаш, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Көптоғай, Еңбекшіл, Кудряшов (520907 абонент) кенттерінде электр энергияның авариялық өшірілуі орын алды. "Атырау Жарық" (10 авариялық бригада және 3 бірлік техника) жөндеу жұмыстарын атқарып жатыр. 

6 наурыз сағат 11.30-дағы жағдай бойынша Орлы, Шортанбай және жартылай аудан орталығының электр энергиясы қосылды. Қалған елді мекендер (38 333 абонент) электроэнергиясыз, 

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр", делінген хабарламада.


Құрманғазы ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВ, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ауданнан 9 және қаладан 1 бригада жұмылдырылып, жөнделген жерлерге жарық кезеңмен берілуде. "Қазақтелеком» АҚ-ның 20 станциясының 7-де байланыс орнатылды. Қазіргі уақытта 5 елді мекенде жұмысшы топтар жұмыстарын жасап жатыр,  деп мәлімдеді "АЖ"-ға.  

"АЖ"-ға келіп түскен ақпарат бойынша, Мақаш ауылдық округі, Алға ауылы Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің төбе шатырының 20 м2 аумағы ұшып кетті. Аудандағы медициналық және өзге де мекемелер уақытша дизель генераторларымен жұмыс жасап жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 наурыз 2022, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.