Атырау, 7 қазан 13:22
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бұрын спорт саласын басқарған ​чемпион Мақат ауданына әкім болды

2 319 просмотра

Бүгін, 5 наурызда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының жаңа әкімі Ринат ИБРАГИМОВТІ аудан активіне таныстырды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ринат Ибрагимов 1986 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо, кейін самбо күресі бойынша жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. 2016 жылы «Барыс» балалар мен жасөспірімдер клубының директоры, ал 2017 жылы Атырау қалалық су спорты түрлері клубының директоры болып қызмет етті. 2017-2018 жылдары  қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2018 жылдың қазан айынан бастап аудан әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.

Ринат Ибрагимов спорт саласында көптеген жетістікке қол жеткізген. Ол дзюдодан Әлем кубогының иегері, 2008 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Пекин және Лондон Олимпиадасына қатысқан.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 наурыз 2022, 22:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.