Атырау, 7 қазан 13:21
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қараусыз мал барымташыға жем болады

1 415 просмотра

Атырау облысы аумағында “Мал ұрысы” жедел алдын алу шарасы өтті. Полиция қызметкерлерінен құрылған 10 топ мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 154 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 75 орын мен 229 шаруа қожалықтарын тексерді.

- Мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдаған 16 оқиға орын алды. 12 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабының 1 бөлігі 2) тармақшасына ("Ветринарлық-санитариялық қағидаларды бұзу") сәйкес 459450 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, - деді Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Абай ЖҰМАБАЕВ. - Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және шаруа қожалықтарын тексергенде тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. 

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында мал ұрлығымен айналысқан 7 тұлға анықталды. Тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысының арқасында ұрланған 19 мал заңды иелеріне қайтарылды. Мәселен, Құрманғазы ауданында жайылымнан екі бас жылқы малын  жасырын жымқырған екі мал ұрысы ұсталды. Олар оны сатып, түскен ақшаны өзара бөліп алған. ҚР ҚК-нің 188-1 бабымен  ("Мал ұрлығы") тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Тәжірибе көрсеткендей, малдың жоғалуы көп жағдайда малды жайылымға қараусыз жіберетін ауыл тұрғындарының ұқыпсыздығынан да болады. 

Мал ұрлығын болдырмау үшін полицейлер ауыл тұрғындарына малды жайылымда тек бақташылардың бақылауымен жаюды, сондай-ақ қоражайды қорғауға арналған шараларды қабылдауды ұсынады. Оған қоса мал иелері өз малдарына таңба мен ен салуы қажет. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 наурыз 2022, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.