Атырау, 8 наурыз 02:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Желден қала маңындағы ауылдар жарықсыз қалды

2 334 рет қаралды

Бүгін, 5 наурызда қатты жел мен қар аралас жаңбыр салдарынан қаланың жарты бөлігі (Ракөш, Еркінқала, Геолог, Қараөзек, Көктем, Томарлы, Жаңаталап, Ақсай және Атырау ықшамауданы ) жарықсыз қалды. 

 “АЖ” ға хабарласқан Атырау ықшамауданының тұрғындары жарықтың 10 рет өшіп-қосылғанын жеткізді. 

109 бірыңғай байланыс желісі мәлімдегендей, қатты желдің салдарынан бағандарда от жарқылдап, электр сымдары үзілген. 

- Қазіргі уақытта қаланың бірнеше бөлігіне жарық тұрақты қосылуда. Ақжар, Бесікті, Талғайран ауылдарында бригада әлі жұмыс жүргізіп жатыр. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 наурыз 2022, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.