Атырау, 10 маусым 16:25
 дождьВ Атырау +31.4
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Жұқпалы аурулар ауруханасы қалыпты жұмыс режиміне көшті

2 537 рет қаралды

№2 Атырау облыстық ауруханасында (Нұрсаядағы жұқпалы аурулар ауруханасы) клиникалық-диагностикалық қызмет жұмысын жалғастырды.

Бөлімше пандемия кезінде 2 жылдай жабылып қалды. Осы уақыт бойы стационар дәрігерлері көбіне ковидпен ауыратын науқастарды емдеді. Аурухананың «тұрақты» жұмыс режиміне көшуіне байланысты клиникалық-диагностика бөлімінде ашық есік күні өтті.

- Бөлімшеде инфекционист, эндокринолог, невропатолог, терапевт пен аллерголог, хирург кеңес береді, - деп атап өтті аурухана директорының м.а. Надя ЕРҒАЛИЕВА. – Бұдан басқа, компьютерлік томография, бактериялық-серологиялық зертхана және клиникалық-диагностикалық зертхана, ФГДС, УДЗ кабинеті бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ӨКҚ ұсынған сурет

5 наурыз 2022, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.