Атырау, 22 ақпан 11:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Қазақстандықтарды эвакуациялау: Атыраудан Котовицеге екінші ұшақ ұшты

1 248 рет қаралды

Қазақстандықтарды эвакуациялауға арналған екінші рейс Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшты, - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

"Қазақстан азаматтарына жіберілген екінші ұшақ Атыраудан Катовицеге Нұр-Сұлтан уақытымен 10:13-те ұшты. Катовице әуежайына қонатын болжамды уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен 14:19", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанның 175 азаматы отырған ұшақ 28 ақпанда сағат 22:30-да Алматы әуежайына қонды. Алғашында ол 26 ақпанға қараған түні келеді деп жоспарланған еді. Әуежайда қазақстандықтарды туыстары қарсы алды. Көбі гүл шоқтары, шарлармен келді, кейбіреуі эмоциясын ұстай алмай, жылап қауышты.

1 наурыз 2022, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.