Атырау, 7 қазан 15:23
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінен шығарылды

1 245 просмотра

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі барысында партияның саяси кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Съезд барысында «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия Жарғысының 9.1.1. тармағына сәйкес, саяси кеңестің құрамына өзгерістер енгізу тек қана партия съезінің құзіретіне кіретіндігін атап өтті. 

«Сіздердің қарауларыңызға партия саяси кеңесінің құрамынан партия мүшелері Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Нығматулинді шығару және олардың орнына партияның келесі мүшелерін енгізу ұсынылады: ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин», - деді ол. 

Бұл ұсынысты съезд делегаттары бірауыздан қолдады.

1 наурыз 2022, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.