Атырау, 7 қазан 15:22
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ресей банктерінің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер етеді? Ұлттық банк басшысы жауап берді

1 280 просмотра

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер ететіні туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ресейлік банктердің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстан ішіндегі төлемдерді жүргізуге әсер етпейді, елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейді. Қазақстандық банктердің клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдары штаттық режимде жүзеге асырылады", - деді Пірматов Үкімет отырысында.

Ол SWIFT жүйесінен ажыратылған ресейлік банктердің клиенттерімен трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысудың балама тетіктері дайындалғанын айтты.

1 наурыз 2022, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.