Атырау, 7 қазан 15:27
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Эвакуациялық рейстің алғашқы жолаушылары Алматыға жетті

1 388 просмотра

Суреттер: Zakon.kz

 
Эвакуацияланған қазақстандықтардың арнайы рейсі Польшаның Катовице қаласынан Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эвакуациялық рейстің алғашқы жолаушылары үйіне оралды.

Алматы әуежайы

Украина мен Польшаның мемлекеттік органдары арасында жасалған келісімдер аясында қазақстандықтарды визасыз және ПТР-тестілеусіз шекарадан өткізу қамтамасыз етілді.

Алматы

Алматы халықаралық әуежайына Airbus A321 ұшағы сағат 22:23-те келіп қонды.

Эвакуация

Алматы әкімдігі эвакуацияланған қазақстандықтарды күніне үш уақыт тамақтандыруды қарастыратын қонақ үйге орналастыру шарасын ұйымдастырды. Олардың барлығына Алматыда болған уақытында жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Эвакуацияланған қазақстандықтар

Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандарды, оның ішінде психологтарды көмекке тартуға дайын.

1 наурыз 2022, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.