Атырау, 7 қазан 17:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Қазақстан Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ

1 053 просмотра

Қазақстанның қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілердің Украинаға жөнелтіліп жатқаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik.

"Қазақстандық әскери қызметшілерді Украинаға немесе басқа елге жіберу туралы өтініш түскен жоқ, сәйкесінше, ондай мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қорғаныс министрлігі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға әскери контингент жіберу туралы шешімді парламент қабылдайтынын еске салды.

Ал парламентке ұсынысты президент енгізеді.

28 ақпан 2022, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.