Атырау, 7 қазан 17:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ОСК Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады

1 683 просмотра

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздің туындауы туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес ", Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өтінішті беруге байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғатын негіз туындағаны белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаеваның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін", - делінген құжатта

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертен Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттығынан кеткенін мәлімдеген болатын.

25 ақпан 2022, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.