Атырау, 10 қазан 02:56
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Украинадағы оқиғалар теңге мен қазақстандық акцияларға қалай әсер етті?

1 232 просмотра

KASE қор биржасының өкілі Наталья Хорошевская Украинадағы оқиғалар теңгеге және қазақстандық компаниялар акциясына қалай әсер еткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз брифингінде KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская бүгін валюта нарығындағы сауда қалыпты режимде сағат 10.10-да ашылғанын айтты. Қазір аукциондар да тұрақты түрде өткізіліп жатыр және барлық қатысушы күні бойы сауда желісіне бірдей қолжеткізе алады.

"Қазіргі уақытта сауда бір доллар үшін 468 теңге деңгейінде өтіп жатыр (сағат 14:30-да - еск.). Бұрынғы орташа бағаммен салыстырғанда өсім шамамен 6,49 пайыз, ал күндізгі саудада 6 пайыз болған. Сауда көлемі сағат 14:40-та 171 миллион 148 мың доллар болды. Ол соңғы екі айдағы орташа тәуліктік шекті мәндер шекарасында орналасқан. Жүйедегі мәмілелер саны - 349, сондай-ақ бұл орташа күндік мәмілелер санының жоғарғы шекарасына жақын. Осылайша, бұл көрсеткіштер бойынша толқу байқалмайды", - деді Наталья Хорошевская.

KASE төрағасының орынбасарының айтуынша, соңғы 40 минутта доллар бағамы 6,49 пайызға өскені байқалады. Осы немесе басқа бағытта ешқандай динамика болған жоқ. Нарықта салыстырмалы тепе-теңдік пайда болған, бірақ оның өзгеруі тек сыртқы факторларға байланысты болғандықтан, күннің соңына дейін қалай өзгеретінін айту мүмкін емес.

"Курсқа қатты әсер ету үшін ішкі немесе сыртқы нарықта объектив себептер жоқ. Керісінше, мұнай бағасының рекорд көрсеткіштері сияқты бағамды қолдайтын факторлар бар. Бұл күндері курс Украина төңірегіндегі геосаяси жағдайдың ықпалына түсіп отыр", - дедід KASE биржасының өкілі.

Наталья Хорошевская қор нарығындағы саудаға қатысты бүгін таңертең техникалық ақау тіркелгенін мәлімдеді. Қалыпты режимде сауда сағат 11:30-да ашылуы керек еді, бірақ ақауды жою үшін сауда сағат 14:00-ге кейінге қалдырылған. Қазір бағалы қағаздар саудасы штаттық режимде өтіп жатыр.

Сондай-ақ, KASE өкілі қор биржасында қандай да бір алыпсатарлық туралы әзірге айту мүмкін емес, дегенмен, қадағалау жүйесі барлық ықтимал күдікті транзакцияларды бекітетінін және олар тексерілетінін айтты.

24 ақпан 2022, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.