Атырау, 28 сәуір 15:04
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

СІМ Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау туралы мәлімдеді

1 085 просмотра

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялау туралы хабарлады. Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі елшілігі азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз етіп жатыр", - делінген СІМ хабарламасында.

ҚР СІМ ақпараты бойынша, отандастарымыз Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровно, Тернополь, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстары), Одесса (Николаевская, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.

Қазіргі уақытта уақытша консулдық есепте 493 адам тұр, олар елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консулдық есепте 1110 адам тұр. Қазақстан азаматтары Украинаның Киев қаласы, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.

24 ақпан 2022, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.