Атырау, 13 қазан 09:41
 дождьВ Атырау +15.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Air Astana Киевке ұшатын әуе рейстерін тоқтатты

1 942 рет қаралды

 Air Astana әуе компаниясы Киевке рейстердің уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлады.

"Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana бүгіннен бастап 2022 жылдың 7 наурызына дейін Киевке бағытталатын барлық рейсті тоқтатады", - делінген тасымалдаушы хабарламасында.

22 ақпан мен 7 наурыз аралығында ұшуды жоспарлаған жолаушылар 31 наурызға дейін билетті қайта рәсімдей алады немесе билетті өткізуге болады.

"Жолаушыларға смс-хабарлама жолданды. Киевке ұшатын рейстерді airastana.com сайтынан нақтылауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

24 ақпан 2022, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.